Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік білімі, басшы лауазымдарда 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі, «Ішкі бақылау жүйелері» немесе «Тәуекелдердің комплаенсі» саласындағы сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) Қызметтің қызметін басқару және үйлестіру;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына қорытындылар, түсініктемелер дайындау;
4) Кәсіпорын Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның құжаттарын дайындау;
5) Кәсіпорынның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің есептерін тыңдау жөніндегі отырыстарға қатысу;
6) Кәсіпорын Басқармасының Төрағасына қол қоюға ұсынылған құжаттардың Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру;
7) Қызметтің функцияларын орындау кезінде белгілі болған құпия ақпаратты сақтау;
8) сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша басқа да ішкі саясат пен рәсімдерді бұзуы бойынша Қызметке жүгінген тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы Басқарма Төрағасын уақытылы хабардар ету;
10) Қызметтің жұмысын бақылау және талдау;
11) Қызметке жүктелген функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау;
12) Кәсіпорынның Басқарма Төрағасына Қызмет жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
13) белгіленген штат санының лимиті шегінде Қызметтің құрылымы мен штат кестесі бойынша Кәсіпорынның Басқарма Төрағасына ұсыныстар беру;
14) Кәсіпорын Басқарма Төрағасының Қызмет жұмыскерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар беру;
15) Қызмет жұмыскерлерінің функционалдық міндеттерін айқындау;
16) Қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және хат-хабарларға қол қою;
17) Қызметтің жұмыскерлерімен заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде Е-Өтініш платформасында, өтініштерді уақытылы қарауын бақылау;
18) Қызмет құзыреті шегінде Кәсіпорын филиалдарының қызметін үйлестіру;
19) Қызметтің құзыреті шегінде даму жоспарын және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру үшін филиалдардың өтінімдерін қарау және олар бойынша ұсыныстар беру;
20) құзыреті шеңберінде Кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
21) Қызмет жұмыскерлерінің кәсіби деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
22) Кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібін сақтау;
23) жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды салық органына уақтылы ұсыну, кейіннен Кәсіпорынның Қызметкермен жұмыс жасау және іс жүргізу департаментіне декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін ұсыну;
24) лауазымдық нұсқаулыққа және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ережеге сәйкес Қызмет құзыретіне жататын өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылыұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 26 ақпан сағ.18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7172) 55-49-03.