Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызмет маркетингі бойынша жетекші менеджерінің бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызмет маркетингі бойынша жетекші менеджерінің бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызмет маркетингі бойынша жетекші менеджерінің бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары экономикалық, санитарлық-гигиеналық бейіндегі медициналық білімі, немесе заңгерлік, қызмет көрсету маркетингі саласында қосымша білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, ережелері мен нормаларын білу.

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызмет маркетингі бойынша жетекші менеджерінің қызметтік міндеттері:

1.1. Нарықтың нақты және әлеуетті тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған Кәсіпорын қызметтерін, коммерциялық қызметті ұйымдастыру саласында зерттеулер жүргізеді;;

1.2. Кәсіпорын филиалының қызмет көрсету көрсеткіштерін талдайды. Кәсіпорын Филиалының қызметтері бойынша тұтынушылар, бәсекелестер нарығын зерделейді және талдайды;

1.3. Бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдайды және Кәсіпорын филиалының прейскурантын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді;

1.4. Қызметтердің жаңа түрлерін әзірлеуге, технологиялар деңгейін арттыруға, материалдық-техникалық жарақтандыруға және оларды тиімді пайдалануға қатысады;

1.5. Қызмет көрсету шарттарына әсер ететін факторлардың өзгеруін болжайды;

1.6. Клиенттік базаны ұлғайту бойынша кәсіпорын филиалының қызметін үйлестіреді;

1.7. Телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да коммуникация құралдары арқылы клиенттерді тарту бойынша жұмысты жүзеге асырады;

1.8. Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және жұмысты түзету мүмкіндігін арттыру мақсатында кәсіпорын филиалы қызметкерлерінің жұмысын зерттейді;

1.9. Клиенттерден түсетін кемшіліктерді жоюды бақылайды, қызмет сапасы мен оларды орындау мерзіміне қатысты клиенттердің шағымдары мен ұсыныстарына жауап беруді ұйымдастырады және бақылайды;

1.10. Кәсіпорын филиалының табысына әсер ететін экономикалық ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

1.11. Деректерді бақылау, талдау және сақтау үшін маркетингтік ақпараттық жүйені қалыптастыру;

1.12. Маркетинг құралдары арқылы Кәсіпорын қызметтерін жылжытуды қамтамасыз етеді.

1.13. Кәсіпорын филиалының жарнама қызметінің тиімділігін талдайды;

1.14. Жарнамалық мәтіндерді,буклеттерді, стендтерді, плакаттарды, баннерлерді, маңдайшаларды, бейнероликтерді және өзге де жарнамалық өнімдерді әзірлейді;

1.15. Жарнама агенттіктерімен, баспалармен және басқа да ұйымдармен байланыс орнатады және қолдайды;

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса, конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса, ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің қызмет маркетингі бойынша жетекші менеджерінің лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 191/4 үй, 4 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 28 қыркүйек сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7112) 510061