Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік білімі, басшы лауазымдарда 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі, «Ішкі бақылау жүйелері» немесе «Тәуекелдердің комплаенсі» саласындағы сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

  1. Қызметтің қызметін басқару және үйлестіру;
  2. Қызметке жүктелген функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау;
  3. Қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою;
  4. Қызметтің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылау;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Кәсіпорынға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
  6. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына қорытындылар, түсініктемелер дайындау;
  7. Кәсіпорын Басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның құжаттарын дайындау;
  8. Кәсіпорынның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің есептерін тыңдау жөніндегі отырыстарға қатысу;
  9. Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Кәсіпорын Басқармасының төрағасына қол қоюға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру;
  10. Қызметтің функцияларын орындау кезінде белгілі болған құпия ақпаратты сақтау;
  11. сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша басқа да ішкі саясат пен рәсімдерді бұзуы бойынша Қызметке жүгінген тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз ету
  12. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы Басқарма төрағасын уақытылы хабардар ету;
  13. Қызметтің жұмысын бақылау және талдау;
  14. лауазымдық нұсқаулыққа және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы ережеге сәйкес Қызмет құзыретіне жататын өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
  3. фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. біліктілік бағасы;
  2. тестілеу;
  3. сұхбаттасу өткізу;
  4. конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 4 тамыз сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.