Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология жөніндегі инженері бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология жөніндегі инженері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмай Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) өндірілген өнімнің сапасын ұдайы арттыруға бағытталған ұйымның шығаратын өнімдерін шығару, қолдану, сынақтан өткізуге бағытталған метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады;
2) жаңа өлшеуіш техниканы ендірудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын жасауға қатысады, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларына және экономикалық қызмет түріне байланысты метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық жоспарларына ұсыныстар жасайды, құралдар мен өлшеу әдістеріне, өнімнің сапасын және бәсекелестігін, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыру жөніндегі шараларға қатысу;
3) өлшем түріне қарай жергілікті тексеру схемаларын жасайды, өлшеу құралдарын тексеру жиілігін белгілейді және оларды жүргізудің күнтізбелік кестелерін жасайды;
4) ұйымда әзірленетін және өзге ұйымдардан келіп түсетін конструкторлық және технологиялық құжаттаманың метрологиялық сараптамасын, стандартталмаған өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттауды жүзеге асырады;
5) өлшеу құралдарын және әдістерін таңдау жұмыстарын жүргізеді, оларды орындау әдістемесін әзірлейді;
6) арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалауға және әзірлеуге, ұйым шығаратын өнімді аттестаттауға және сертификаттауға дайындауға, өнімнің жаңа түрлеріне сынақ жүргізуге, сондай-ақ технологиялық режимдердің бұзылу себептерін, өнімнің ақауын, шикізаттың, материалдардың, энергияның өндірістік емес шығындарын және өлшеу, бақылау және сынау құралдарының жай-күйіне байланысты өндірістегі өзге де ысыраптарды талдауға қатысады;
7) күрделі өлшеу құралдарын, технологиялық жабдықтарды белгіленген дәлдік нормаларына сәйкестігін тексеруді, технологиялық процестер мен өнімді сынау барысында күрделі өлшеулерді, сондай-ақ ұйымның бөлімшелері арасындағы дәлдікті бағалау және өлшеу құралдары мен әдістерін таңдау мәселелері бойынша келіспеушіліктерді шешуге байланысты өлшеулерді жүргізуді жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды;
8) мемлекеттік стандарттарды, экономикалық қызмет түрі бойынша стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің дәлдігін регламенттейтін өзге де нормативтік құжаттарды енгізуге қатысады;
9) жаңа өлшеу құралдары мен әдістемелерін енгізудің экономикалық тиімділігін есептеуді жүргізеді;
10) ұйым бөлімдерінің өлшеу құралдарына қажеттілігін айқындайды, оларды сатып алуға жиынтық өтінімдер жасайды;
11) өлшеу құралдарын монтаждау, орнату және қолдануға міндетті бақылауды, ұйымға қайта түскен өлшеу құралдарын техникалық қабылдауды жүзеге асырады;
12) өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттейді;
13) метрология мәселелері жөніндегі стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды жасау мен келісуге қатысады;
14) өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы туралы есептер жасайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ға дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, 6 үй мекенжайында жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 13 ақпан сағат 17.00.
Анықтама телефоны: 8(7102) 41-02-41