Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық бөлімшесінің санитариялық – гигиеналық зерттеулер зертханасының зертхана маманы бос лауазымына орналасуға конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Жалағаш аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертхана маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Жалағаш аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертхана маманы бос орын лауазымына орналасуға арналған конкурсына "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биология, биотехнология, экология, химия, физика) немесе "Инженерлік және инженерлік іс" (органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы) даярлау бағыты бойынша жоғары білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман (санитариялық-эпидемиологиялық бейіннің зертханасы үшін) сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) зертханалық сынақтарды, физикалық факторларды өлшеуді, тамақ өнімдерін экспресс-зерттеулерді, сондай-ақ тамақ және тамақ емес өнімдерді зертханалық зерттеулерді орындайды;

2) дозиметриялық бақылауды орындайды;

3)қажетті дайындық және көмекші операцияларды (реактивтерді, жабдықтарды, ыдыстарды дайындау) жүргізеді;

4)деректерді бағдарламалық қамтамасыз етудің бірыңғай кешеніне (БҚПБ) енгізеді;

5) жоспар бойынша сынақтар жүргізуге қатысады: зертханаішілік сапаны бақылау (ДКК), сыртқы сапаны бақылау (ДКК), зертханааралық салыстыру (МЛС);

6) мемлекеттік сатып алу және ақылы қызметтер шеңберінде зерттеулер нәтижелері бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді;

7) калибрлеудің дәлдігін мерзімді бақылауды жүзеге асырады;

8) химиялық заттармен жұмыс істеу кезінде химиялық, токсикологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды сақтайды.

9) ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын зертхананың регламенттелген жұмыс режимін, филиалда белгіленген еңбек тәртібін сақтайды;

10) мамандығы бойынша өз білімін жүйелі түрде арттырады;

11) медициналық әдеп талаптарын және жалпы моральдық - этикалық нормаларды сақтайды;

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды сақтайды;

13) Қазақстан Республикасының Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, ҚР Еңбек кодексінде, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінде, "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ кәсіпорынның ішкі құжаттарында көзделген нормалар мен талаптарды сақтайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі.

Мекен-жайы: инд. 120008, Қызылорда қаласы, Х.Бектұрғанов көшесі,10 А

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы  22 қаңтар сағат 18.30 дейін.

Анықтама телефоны: 8 (72 42) 23-81-73.