Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Жамбыл аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының 2 бірлік зертханашылары бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

1. Филиалдың Жамбыл аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

2. Өз ерекшелігі бойынша Жамбыл аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы білуге тиіс:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

  1. Зерттеу үшін бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасына келіп түсетін материалды қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік тапсырыс және шарттар бойынша журналдарда жазбалар жүргізеді;
  2. Зерттеуге келіп түскен материалдың жарамдылығын, оны орау мен тасымалдаудың дұрыстығын, жеткізудің уақтылығын, ілеспе құжаттаманы ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
  3. Журналдар мен зерттеу нәтижелерімен хаттамаларды толтырады.
  4. Материалды зерттеуге дайындайды, материалды бастапқы себуді, бөлінген дақылдарды қайта себуді, микроскопиялау үшін жағындыларды дайындауды және бояуды, серологиялық реакцияларды қоюды жүргізеді.
  5. Қоректік ортаны, бояуларды, реактивтерді, дезинфекциялық ерітінділерді дайындайды;
  6. Термостаттардағы температуралық режимді, зарарсыздандыру аппаратурасының жұмысын бақылайды;
  7. Зертханаішілік бақылау бойынша журналдар мен хаттамаларды толтырады;
  8. Аналитикалық жұмыс: талдау жүргізу және орындау, зертхана қызметіне талдау жүргізу, есептілік жасау (маман болмаған жағдайда)
  9. Зерттеуге материал таңдау мақсатында жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың өршуіне барады;
  10. Шарттар мен мемлекеттік тапсырыс бойынша сынама алу үшін объектілерге барады (қажеттілік бойынша)
  11. Үлгілі жағдайда жұмыс орнын ұстайды, зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін бақылайды , тексеруге аспаптар дайындайды, дезинфекциялық өңдеу жүргізеді, стерильділікті қамтамасыз ететін және зертханаішілік инфекциялардың туындау мүмкіндігін ескертетін жұмысқа қойылатын талаптарды сақтайды;
  12. ЗЗЖ бағдарламасына зерттеу деректерін енгізеді
  13. Маманмен бірге жаңа зерттеу әдістерін, жаңа құрылғыларды игереді. Құрылғыларды пайдалану кезінде олардың сақталуын қадағалайды.
  14. Өз біліктілігін арттырады, конференцияларға, семинарларға қатысады. ТЖ және АҚ жұмысына қатысады, Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды білуі тиіс

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00 - ден 17.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Назарбаев көшесі, 236 мекен жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 29 қазан сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 7152 39-95-23