Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жуалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Жуалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Жуалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімнің болуы санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Зертханалық талдауларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде, сараптамалар, өлшеулерді және өзге де жұмыстарды нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу, бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеулер барысында материалдарды жинауға және өңдеуге қатысу.

2. Зертханалық орындау барысында әдістемелік жетекшілік пен қадағалауды қамтамасыз ету.

3. Есептік және есеп беру құжаттамасын жүргізу.

4. Бақылауындағы мәселелер бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету.

5. Мемлекеттік тапсырысқа есеп реестрді толтыруды бақылау.

6. Мемлекеттік тапсырыс пен ақылы қызметтер бойынша бекітілген стандартты операциялық процедуралар (Стандартты жұмыс тәртіптері )(СОП) мен нормативтік құжаттарға сәйкес жоспарлы зертханалық зерттеулерді жүргізу және үлгілердің микробиологиялық сынақтарының сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету.

7. Айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді жасауға қатысу.

8. Зерттеу нәтижелерін белгіленген мерзімде беру, нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету және хаттамаларды талапқа сәйкес дұрыс рәсімдеу.

9. Қажетті зерттеу номенклатурасын орындау.

10. Зерттеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу.

11. Тәжірибеден өтушілерді жұмыс орнында оқытуға қатысу, сондай-ақ семинарлар мен зертханалық кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде атсалысу.

12. Медициналық этика және моральдық-этикалық нормаларды сақтау, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету.

13. Бактериологиялық зертхана ережесіне сәйкес ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтау, сондай-ақ оны зертханашылардан талап ету.

14. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

15. Мемлекеттік тапсырысты және шарт негізіндегі қызметтерді орындау бойынша ұсыныстар енгізу.

16. Жеке денсаулығын қорғау мақсатында нормативтік құжаттамаға сәйкес медициналық тексеруден өту.

17. Зертханамен орындалған зерттеулер нәтижелерін қорыту және талдау, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

18. Сапа менеджменті жүйесіне сәйкес шараларды зерттеп, іске асыру.

19. Зертханалық жабдықтың жарамды күйде болуын қадағалау.

20. Зерттеу жүргізу үшін жабдықты (аспаптар, аппаратура) дайындау, оны тексеру және қарапайым реттеу жұмыстарын бекітілген нұсқаулықтар мен басқа техникалық құжаттамаға сәйкес орындау.

21. Тәжірибелерге қатысу, қажетті дайындық және қосалқы жұмыстарды орындау, бақылау жүргізу, аспаптардың көрсеткіштерін алу, жұмыс журналдарын жүргізу.

22. Талдау, сынау және өлшеу нәтижелерін әдістемелік құжаттарға сәйкес өңдеу, жүйелеу және рәсімдеу, оларды есепке алу.

23. Белгіленген тапсырмаға сәйкес әдеби көздерден, реферативтік және ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамалардан деректерді іріктеу.

24. Зерттеулер мен тәжірибелерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындау.

25. Орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманы жасауға және рәсімдеуге қатысу.

26. Зертханалық зерттеулердің сапасын сыртқы бағалау бойынша зерттеулер жүргізу.

27. Зертханалық зерттеулердің сапасын ішкі бағалау бойынша зерттеулер жүргізу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Астана қаласы,  Айтеке би көшесі, 13 ғимарат, 306 кабинет  мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 16 қазан сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7262) 54-62-06; WhatsApp messenger 87471014314.