ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды облысы бойынша филиалдың Құқықтық, кадрлық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу секторының заңгері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік (заңгерлік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі
Лауазымдық міндеттері:
Филиалдың заңды жұмысын қамтамасыз етеді;
1. 2 Филиал басшылығы, зертхана басшылары (меңгерушілері), бөлім бастықтары дайындайтын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларын құқықтық бағалауды жүзеге асырады, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажетті жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;
2. Филиалдағы құқықтық жұмыстарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге әртүрлі құқықтық құжаттарды дайындау мен рәсімдеуде құқықтық көмек көрсетеді, талаптарды қабылдамау кезінде негізделген жауаптар дайындауға қатысады.
3. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Филиал мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.
4. Анықталған кемшіліктерді жою және Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында талаптарды, сот және төрелік істерді қарау нәтижелерін, шарттарды жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді.
5. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысады, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарайды
6. Құрылымдық бөлімшелердің шағымдар мен талаптарға жауаптарды дайындау, сотқа талап-арыздарды дайындау үшін анықтамаларды, есептеулерді, түсініктемелерді және басқа материалдарды уақтылы ұсынуын бақылайды.
7. Басқа бөлімшелермен бірлесіп Филиалда шығарылған қолданыстағы бұйрықтарды және басқа да нормативтік актілерді өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды.
8. Филиал қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, нормативтік актілердің жобалары бойынша қатысады.
9. Филиал қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар етуді, Филиал лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады.
10. Филиал қызметкерлеріне құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімімен және құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторымен құқықтық жұмыс жүргізеді.
11. Материалдарды қарайды, талап арыздарды дайындайды және мемлекеттік сатып алуға қатысты талап арыздар бойынша сотқа қатысады, сондай-ақ жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізеді.
12. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың, шарттар бойынша өтінімдердің, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылайды және қадағалайды.
13. Конкурстық, аукциондық құжаттаманы қарайды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау үшін құрылымдық бөлімшелер ұсынатын техникалық ерекшелікті тексереді және қол қояды.
14. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, айыппұл санкцияларын өндіріп алу және оларды жосықсыз жеткізушілердің тізіліміне енгізу жөнінде талап - арыз жұмысын жүргізеді.
15. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдеу.
16. ЕҚ, ҚТ, ӨҚ, және ҚС нормаларының нұсқаулықтары мен ережелерінің талаптарын сақтау.
17. Филиал басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
18. Филиал қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды жүзеге асырады;
19. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Филиал мүдделерін білдіреді, талап-арыздарды дайындауды, сот органдарында талап-арыздарды сүйемелдеуді және сот актілерінің шешімдерін орындауды жүзеге асырады;
20. Контрагенттердің Филиалға олардың заңнамаға сәйкестігіне ұсынған шарттардың жобаларын әзірлеуге (қажет болған жағдайда), жасалатын шарттарды бағалауға, олармен шарттық қатынастардың нысандарын айқындауға қатысады және шарттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
21. Жалпы Филиалдың қызметіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша қызметтік тергеулер жүргізуге қатысады;
22. Рұқсат құжаттары мен оларға қосымшаларды ресімдеу және алу үшін электрондық алаңдарда жұмыс жүргізеді;
23. Филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізеді;
24. Филиал қызметі бойынша құқықтық сипаттағы есептерді (ай сайынғы, тоқсандық, жылдық)жасайды;
25. Өтініштермен, арыздармен, шағымдармен және т. б. жұмыс істеуге, өтініш берушіге электрондық алаңдардың құралдары бойынша, сондай-ақ қағаз жеткізгіштерде уақтылы жөнелтуге жауапты;
26. Ғимараттарға, үй-жайларға (баланстан балансқа қою, баланстан алу, шарттарды өтеусіз негізде ресімдеу) қатысты сұраныстарды ресімдейді;
27. Филиал алдында контрагенттерде пайда болған дебиторлық берешекті қайтарады;
28. Филиалдың құқықтық сүйемелдеуіне жататын сұраныстарды, өтініштерді, ақпаратты дайындайды және ОА-ға ұсынады;
29. Филиал қызметіне рұқсат құжаттарын тұтастай және жекелеген санаттар бойынша алады (медициналық лицензия алу, оған қосымша, Филиал қызметіне рұқсат құжаттарын ресімдеу және т. б.);
30. Уәкілетті органдармен бірлесіп дәрістер, семинарлар өткізеді;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) фотосуретпен;
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті egov арқылы береді).
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар пошта арқылы алынған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) бар болған жағдайда ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілікті бағалау;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген (2025 жылғы 11 сәуірдегі № 23 енгізілген өзгерістер мен толықтырулары), (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу Қағидаларымен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-дан 17.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30.) Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 15 қазанда, сағат 17-30.
Байланыс телефоны: 87212 505716, 87015731981.