Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жуалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Жуалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Жуалы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеу зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Кәсіпорынның қызметін, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысын ұйымдастыруды айқындайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасын және нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

2. Микробиологиялық талдаулар жүргізуге тікелей қатысады, дәрігер-бактериологтың білікті техникалық көмекшісі болып табылады, микробиологиялық зерттеулердің барлық кезеңінде жұмыстың жүйелілігін, мәнін, мақсаттарын түсінуге міндетті.

3. Зерттеу үшін зертханаға түскен материалдарды қабылдайды, іріктейді, журналдарға тіркейді. Зерттеу үшін түскен материалдың жарамдылығын (оның қорабының бүтіндігін және дұрыстығын, уақытында әкелуін, жолдама құжаттардың рәсімдеуін) тексереді. Зерттеу нәижелерінің тізімін және бланкілерін толтырады.

4. Материалдың зерттеуге түсуін және жұмыс орнының дайындығын жасайды, материалдың бірінші себуін жүргізеді, құнарлы ортаға қайта себуін жасайды, микроскоппен қарау үшін препараттар дайындайды, серологиялық реакцияларды қояды және зерттеу кезінде жүргізілетін ережелерде және әдістемелік нұсқауларда қарастырылған басқа жұмыстарды орындайды. Құнарлы орталарды, бояуларды, реактивтерді, зарарсыздандыратын ерітінділерді дайындайды және олардың сапасына жауап береді. Құнарлы орталардың және ерітінділердің рН анықтайды. Ыдыстардың, құрал-саймандардың және құнарлы орталардың стерильдігін бақылайды, пайдаланылған материалды зарарсыздандырады, термостаттың және тоңазытқыштың температурасының тұрақтылығы мен аппаратураның қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды.

5. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігермен бірлесіп материалдың биологиялық зерттеуін жүргізеді: жабайы және зертханалық жануарларды жұқтыру, сою және қан алу, биосынамалы жануарларларды қарайды.

6. Шұғыл жұмыстарға қатысады: тексерілетін аймақтағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайды зертханалық бақылау және қадағалау, аса қауіпті жұқпалардың жайылуларына өзі немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігермен, эпидемиологпен, зоологпен шығады. Объектіге барғанда зерттеуге материал алуды ұйымдастырады және  жүргізеді, қажет болса – себінді жасайды.

7. Филиалда белгіленген ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік, еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Тараз  қаласы, Айтеке би көшесі, 13 мекен-жайы, 306 кабинет бойынша жүргізіледі.

Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 13 қазан, сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7262) 54-62-06