Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының Жақсы аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақмола облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Жақсы аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

1. Жақсы аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына «Гигиена және эпидемиология» немесе «Зертханалық диагностика» немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» мамандықтарын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. Жақсы аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы өз ерекшелігі бойынша білуі тиіс:

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

1. Үлгіні дұрыс қабылдау, сынамаларды тіркеу және санитарлық-гигиеналық, физика-химиялық, токсикологиялық сынақтар жүргізу үшін жауапты болу.

2. Зертханалық зерттеулердің бекітілген стандартты әдістемелерін меңгеру.

3. Зерттеу жүргізу үшін бөлімшеде дайындық жұмыстарын жүргізу (Өлшеу құралдары мен аппаратураларды, химиялық ыдыстарды жұмысқа дайындауды жүзеге асырады).

4. Мемлекеттік мүлікке және материалдық құндылықтардың шығынына ұқыпты қарайды, техникалық жабдықтарды, аспаптар мен құралдарды дұрыс пайдаланады.

5. Қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режим бойынша талаптарды білу және қатаң орындау.

6. Өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыру, семинарларға қатысу, жұмыс орнында тағылымдамадан өтушілерді оқытуға қатысу.

7. Объектілерге шығуға, сынама алуға қатысу.

8. Өндірістік қажеттілік жағдайында зертханашы зертхана меңгерушісінің, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігерінің нұсқауы бойынша өз құзыреті шеңберінде басқа бөлімшенің жұмысына жәрдемдесуге тиіс.

9. Жабдыққа, реактивтерге өтінімдер жасауға қатысу (қажет болған жағдайда).

10. Есептік-есептілік құжаттаманы жүргізу ережелерін сақтау, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін дұрыс ресімдеу.

11. Меңгерушіге зертханадағы барлық төтенше жағдайлар, жанжал жағдайлары туралы хабарлау.

12. Зертхана меңгерушісінің нұсқауы бойынша зертханашының өзіне тән біліктілігін жұмыстың басқа түрлерін орындау.

13. Филиалда белгіленген ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік, еңбек тәртібі ережелерін қатаң сақтайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00 - ден 17.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 27а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 10 қазан сағат 17.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 87078455796