Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Арыс қалалық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Арыс қалалық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Дәрігердің басшылығымен зертханалық зерттеулер жүргізеді және оларды жүргізу үшін зертханалық аппаратураны, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік ортаны, бояғыш және дезинфекциялық ерітінділерді дербес дайындайды.

2. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалды қабылдайды және тіркейді, оның орамасының және жеткізу уақытының қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді.

3. Зерттеу үшін келіп түскен материалдың жарамдылығын, ілеспе құжаттаманың дұрыс ресімделуін тексеруді жүзеге асырады. Аспаптарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояулар мен дезинфекциялық ерітінділерді градуирлеуге арналған стандартты және жұмыс ерітінділерін дайындайды. Зертханалық құралдарды, ыдыстарды стерильдеуді жүргізеді.

4. Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Есептік-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.

5. Жүргізілетін зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды.

6. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

7. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

8. Бөлімнің/Сектордың міндеттері мен функцияларына,Филиал басшылығының тапсырмаларына сйкес өзге де міндеттерді орындау

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 17.30-ға дейін, Шымкент қаласы,  Әлімқұлов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 01 қазан  2025 жыл, сағат 17.30-ге дейін.

Анықтама телефондары: 8(7252) 43 30 66.