Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Шардара аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының энтомолог көмекшісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Шардара аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының энтомолог көмекшісі бос орын лауазымына орналасуға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағыты бойынша жоғары кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Лауазымдық міндеттері:
1. Облыс аумағында бұрыннан белгілі ошақтардың щиеленісін айқындау және жаңаларын анықтау мақсатында зертханалық зерттеу үшін ықтимал жұқтырылған немесе патогенді сыртқы орта объектілерінен материал (кенелер, кеміргіштер, құсалар, ұя салу материалы және т.б.) жинауды жүзеге асырады.
2. Түрінің құрамын анықтайды, табиғи-ошақтық инфекцияларды тасымалдаушы – ұсақ сүтқоректілердің саны мен биотопиялық таралуын анықтайды.
3. Зооноздардың табиғи ошақтарын анықтауға қатысады.
4. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының таралуы мүмкін жерлерде іс-шараларды уақтылы жүргізу үшін суарумен, суландырумен және адамның басқа да шаруашылық қызметімен байланысты кеміргіштер станцияларындағы ығысуға бақылау жүргізеді.
5. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
6. Қансорғыш буынаяқтылар-аса қауіпті инфекциялардың тасымалдаушылары мен сақтаушыларының түрінің құрамын, санын, таралуы мен паразиттеу мерзімдерін есепке алуды анықтайды.
7. Облыс аумағындағы эпизоотологиялық жағдайды анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін иксод кенелерін жаппай жинауды ұйымдастыруға қатысады.
8. Трансмиссивті ошақтарға эпизоотологиялық тексеру жүргізеді.
9. Иксод кенелер санының болжамын жасайды.
10. Табиғи ошақта аса қауіпті инфекциялармен жұмыс жасау тәртібін сақтайды.
11. Кеміргіштермен және инфекцияларды тасымалдаушылармен күресуге бағытталған халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 17.30-ға дейін, Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 22 қыркүйек, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефондары: 8(7252) 43 30 66.