Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының сапа жөніндегі менеджері лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі менеджері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

1. Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі менеджері бом орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына стандарттау, метрология, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары білім не медициналық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. Өз ерекшелігі бойынша сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі менеджері білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, өз қызметіне және ұйымның қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы; ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік және өзге де басшылық материалдар;
  • "ISO" (ИСО) сериясының стандарттары;
  • стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапа менеджменті жүйелері саласындағы талаптар;
  • отандық және шетелдік оң тәжірибелер;
  • Кәсіпорын Жарғысы;
  • сапа менеджменті жүйесін құру, аудит жүргізу, талап-арыз жұмысын жүргізуді білу.

Қызметтік міндеттері:

  1. Сапа менеджменті жүйесін енгізеді және ұйымда енгізілген стандарттар талаптарының орындалуын қолдайды;
  2. Ұйымда сапа менеджменті жүйесінің жүйелі дамуын, жетілдірілуін бақылайды;
  3. Аккредиттеуден өту үшін материалдарды енгізілген стандарттар талаптарына сәйкестігіне дайындауды ұйымдастырады, сондай-ақ аккредиттеу рәсімінен сәтті өткен жағдайда кейінгі мерзімдік инспекциялық бақылаудан өтуді жоспарлайды.
  4. Ішкі тексерулер жоспары мен бағдарламасын жасайды, сондай-ақ аудит жоспары мен бағдарламасын ұйымның мүдделі адамдарына жеткізеді;
  5. Ұйымның сапа жөніндегі маманының жұмысын үйлестіреді;
  6. Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және жұмыстарды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізеді;
  7. Сынақ зертханаларында зертханааралық салыстырып тексерулерді, дербес зертханааралық салыстырып тексерулерді, оның ішінде халықаралық провайдерлермен жүргізуді жоспарлауға және қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ сапаны сырттай бағалауды орындауды бақылайды;
  8. Игерілген жаңа зерттеу әдістері бойынша көрсеткіштерді аккредиттеу саласына енгізуді бақылауды жүзеге асырады;
  9. Сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша персоналмен консультациялық және әдістемелік жұмысты жүргізеді;
  10. Ұйым қызметкерлерін сапа менеджменті жүйесі саласында оқытуды жоспарлайды;
  11. Сапаны басқару бойынша нысаналы бағдарламалар мен міндеттердің орындалуын әзірлеуді, бақылауды және талдауды жүргізеді;
  12. Сапаны басқару жүйесін енгізу, стандарттар мен техникалық регламентті енгізу бойынша озық отандық, халықаралық тәжірибені және талаптарын зерделейді;
  13. Сынақ/зерттеу жүргізуді бақылауға қатысады;
  14. Биоқауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырады;
  15. Оқытуға, біліктілігін арттыруға, зертханалық кеңеске, сынақ орталығы қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалауға қатысады;
  16. Ішкі аудит жүргізуге қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 04 қыркүйек сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.