Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бухгалтерінің бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бухгалтерінің бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі (экономикалық, қаржылық), бухгалтер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) өз құзыретіне кіретін деректерді компьютерлік жүйелерге енгізуді жүзеге асырады;
2) бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;
3) есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
4) банктен есеп айырысу шоты бойынша үзінді көшірмелер алады;
5) төлем тапсырмаларын дайындауды және жөнелтуді, олардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша өнім берушілермен есеп айырысуды жүргізеді;
7) күннің құжаттарын өңдеуді жүргізеді (банктің үзінді көшірмесі бойынша деректерді енгізу);
8) филиалдың бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімдерінің қызметкерлеріне кейінгі бақылау жүргізеді;
9) Департамент қызметіне байланысты Бас бухгалтердің тапсырмаларын орындайды;
10) 1С Консолидация жүйесінде есептерді қалыптастырады және 1С Бухгалтерия деректерімен салыстырады
11) құзыреті шеңберінде Кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 22 шілде сағат 17.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.