Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының санитариялық-гигиеналық зертханасының радиологиялық бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) санитариялық-гигиеналық зертханасының радиологиялық бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

санитариялық-гигиеналық зертханасының радиологиялық бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі немесе жоғарғы медициналық білімі және санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес радиологиялық зерттеулерді уақтылы және білікті жүргізеді:

  • қоршаған орта сынамаларында, тамақ өнімдерінде, халық тұтынатын тауарларда, дайын бұйымдар мен шикізатта табиғи және жасанды радионуклидтерді анықтау;
  • елді мекендердің, ғимараттар мен құрылыстардың, жер учаскелерінің аумақтарын радиациялық зерттеу;
  • қолданыстағы әдістемелерге, әдістемелік ұсынымдарға, МЕМСТ, СП сәйкес А персоналының жұмыс орындарындағы дозиметрлік бақылау.

2. Радиологиялық зерттеулердің, дозиметриялық және радиометриялық өлшеулердің жаңа әдістемелерін үнемі меңгереді, оларды уақытылы жұмысқа енгізеді.

3. Филиалдың аудандық және қалалық бөлімшелерінен орындалған зерттеулер туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады.

4. Зертханашының, техник-дозиметристің жұмысын, зертханалық рәсімдерді жүргізудің, құрал-саймандарды, аппаратуралар мен жабдықтарды пайдаланудың, реактивтерді ұтымды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды, әдістемелік көмек көрсетеді.

5. Қолда бар стационарлық және жылжымалы радио және дозиметрлік аппаратураның жай-күйіне бақылау жүргізеді, қарапайым жөндеу, градуирлеу және эталондау жүргізеді.

6. Зертханалық радиологиялық зерттеулердің сапасын зертханаішілік және сыртқы бақылауды жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

7. Белгіленген қағидаларға сәйкес медициналық және өзге де құжаттаманы уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді.

8. Жылдық және жартыжылдық жұмыс жоспарларын жасауға қатысады.

9. Радиологиялық зерттеулер әдістері және олардың нәтижелерін бағалау бойынша семинарлар өткізуге, радиациялық гигиена бөлімі бойынша филиалдың қалалық және аудандық бөлімшелерінің мамандарын жұмыс орнында оқытуға қатысады.

10. Белгіленген нысан бойынша атқарылған жұмыс туралы есептер жасайды.

11. Өз жұмысының нәтижелерін талдайды.

12. Қолданылатын химиялық реактивтердің, ерітінділердің сапасын тексереді.

13. Химиялық реактивтердің, шығыс материалдарының және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді және есептен шығарады, олардың жарамдылық мерзімін қадағалайды.

14. Мамандығы бойынша өзінің білімін жүйелі түрде арттырады.

15. Радиациялық гигиена бөлімі бойынша филиалдың қалалық және аудандық бөлімшелерінің санитарлық-гигиеналық зертханаларының жұмысына бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Практикалық көмек көрсетеді.

16. Бөлімдерінің қызметкерлерімен, басқа да адамдармен зертханаға сынама алу және жеткізу жөнінде жүйелі түрде нұсқама жүргізеді.

17. Зертханада жұмыс істеу кезінде ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін, филиалда белгіленген еңбек тәртібін қатаң сақтайды.

18. Директордың, директор орынбасарының, филиал зертханасы меңгерушісінің нұсқауы бойынша объектіде шұғыл радиологиялық зерттеулер, дозиметриялық және радиометриялық өлшеулер жүргізу үшін дереу жұмыс орнына келеді.

19. Медициналық этика және жалпы моральдық-этикалық нормалар талаптарын сақтайды.

20. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурс қорытындысын шығару

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қостанай қаласы, Әль-Фараби д, 113, 414 кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 21 шілде, сағат 18.00-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7142) 56-92-72