Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Алматы облысы бойынша филиалының Іле аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Іле аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ:

Филиалдың Іле аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос орын лауазымына орналастыру конкурсына Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білім немесе жоғары медициналық білім және санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

  • Нормативтік құжаттарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу, сынақ нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету.
  • Стандартты ерітінділердің, химиялық реактивтердің дұрыс дайындалуын бақылауды жүргізу.
  • Зертхананың құрал-аспаптары мен жабдықтарында жұмыс істеу техникасын меңгеру.
  • Зертханашылардың жұмысын бақылау, зертхананың жұмыс тәжірибесіне жаңа сынақ жүргізу әдістерін енгізу.
  • Зертханада ішкі тәртіп ережелерін, тазалық тәртібін сақтау.
  • Зертханаға бекітілген материалдық құндылықтардың, құрал-аспаптар мен құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолдану, халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, эпидемияға қарсы режим, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтау.
  • Зертхана қызметінің барлық түрлері бойынша өзара алмасуды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025  жылғы  26  маусым  сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71