Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының бактериологиялық зертханасының бактериология бөлімшесінің зертханашысының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) бактериологиялық зертханасының бактериология бөлімшесінің зертханашысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

Филиалдың бактериологиялық зертханасының бактериология бөлімшесінің зертханашысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына «Гигиена және эпидемиология» немесе «Зертханалық диагностика» немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» мамандықтарын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

* Ескерту:

I және (немесе) II патогендік топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жүзеге асырылатын лауазымдар үшін патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

2. Өз ерекшелігі бойынша Филиалдың бактериологиялық зертханасының бактериология бөлімшесінің зертханашысы білуі керек:

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар. 

Лауазымдық міндеттері:

1.Нормативтік құжаттарға, әдістемелік нұсқауларға, дәрігерлер мен зертхана мамандарының нұсқауларына сәйкес зертханалық зерттеулерді (бактериологиялық және серологиялық) орындау.

2.Зертханалық зерттеулердің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету, материалды алу, жеткізілген сынама үлгілерін себу дұрыстығын қамтамасыз ету.

3. Материалды, сынама үлгілерін ала отырып, сыртқы ортаны зерттеу үшін объектілерге жоспарлы және кенеттен шығуға қатысу.

4. Жұмыс орнын зертханалық зерттеулерге, аппаратураға, ерітінділер мен қоректік ортаға дайындау.

5. Ыдыстарды жуу және өңдеу сапасын, бактериологиялық зертханада дезинфекциялық-зарарсыздандыру режимінің сақталуын, кіші медперсоналдың жұмысын бақылау.

5.1. Қысыммен және жоғары температуралық режимдермен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу кезінде электр қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау.

5.2. Жабдықты пайдалануға басшылық ету жөніндегі барлық ережелерді, жұмыс тәртібін, қауіпсіздік шараларын, дұрыс пайдалануды сақтау.

5.3. Кіші персоналмен нұсқама жүргізу, зертханалық жабдықты пайдалану ережелерімен танысу.

5.4. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыруға жауапты:

  • төсеу;
  • жүктеу;
  • температура режимін орнату;
  • зарарсыздандыруды бақылау;

5.5. Зертханалық жабдықта жұмыс аяқталғаннан кейін паспортқа сәйкес күнделікті техникалық қызмет көрсету (тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарымен өңдеу) жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін электр жылыту құрылғылары мен жабдықтарын желіден ажыратыңыз.

6. Бактериологиялық зертханада қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

7. Қоректік орталарға, диагностикумдарға, сарысуларға, шыны ыдыстарға, жұмсақ медициналық мүкәммалға жылдық, тоқсандық, ай сайынғы өтінімдер жасау.

8. Аға зертханашының тапсырмасына сәйкес шығыс материалдарын беру үшін дайындау;

9. Қоректік орталардың, диагностикумдардың, химреактивтердің сақталуын бақылау.

10. Зерттеудің жаңа әдістемелерін игеру (зертхана меңгерушісінің немесе дәрігердің басшылығымен).

11. Өз біліктілігін арттыру.

12. Кәсіпорын бағытына сәйкес медициналық мекемелердің студенттерін оқытуға қатысу.

13.Зерттеу нәтижелерін/хаттамаларын жазып беруге қатысу.

14. Сынамаларды тіркеу журналдарын, жұмыс журналдарын жүргізу, бағыттарын тексеру.

15.Тапсырыс берушілерден сынамалар қабылдайды, бағытын, биоматериалын (саны, жеткізу мерзімі, сақталуы) тексереді.

16.Биоматериал сынамаларының сәйкес емес үлгілері бракераж журналына тіркеледі, анықталған сәйкессіздік туралы Тапсырыс берушіні хабардар етеді;

17. Клиенттермен жұмыс кезінде іскерлік этиканы сақтайды.

18.Тапсырыс берушіге өтінім бойынша қажетті және қажетті ресурстарды (стерильді зертханалық ыдыс, көлік ортасы) уақтылы ұсынады.

19. Клиенттерге баға тізімі, биоматериалды алу әдістері, сақтау және зертханаға жеткізу бойынша кеңес береді.

20.Стерильді ыдыстардың, транпорттық ортасының қолданылу мерзімін бақылайды.

21. ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруға қатысады;

22.Сапа саласындағы саясатты орындайды, стандартты операциялық процедураны, жұмыс нұсқаулықтарын және т.б. әзірлейді және жетілдіреді.;

23. Зертханалық зерттеу жүйесі бағдарламасы бойынша жұмысты жүзеге асырады, электрондық журналдарды толтырады, электрондық хаттамаларды немесе зертханалық зерттеулердің нәтижелерін жасайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша өтінімдерді, бір реттік өтінімді және жиынтық өтінімді уақтылы орындайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 27а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 20 маусым сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 87078455796