Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы – бас бухгалтер бос лауазымына конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (бухгалтерлік немесе экономикалық) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
1. Филиалдың қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
2. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу, жалақы қорын жұмсау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
3. Ішкі шаруашылық резервтерін анықтау, шығындар мен өнімсіз шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу.
4. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметаларының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктер мен басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу.
5. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жүргізу үшін толық материалдық жауаптылықта болады.
Білуге тиіс: экономика саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, "салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; "Мемлекеттік тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілікті бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай қаласы, Әль-Фараби д, 113 мекенжайында жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 31 наурыз, сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7142) 56-92-72