Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы сапа жөніндегі маманы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал)  сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

1. Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманы лауазымына стандарттау, метрология саласындағы жоғары білімі не медициналық білімі, ұқсас лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

2. Өз ерекшелігі бойынша сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманы білуге тиіс:

  • ұйымның жұмысына қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, басқа да басқарушылық және нормативтік құжаттар, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
  • қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері және олардың жұмыс режимі;
  • ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау тәртіп және нормалары;
  • сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруда енгізілген халықаралық стандарттардың талаптары.

Қызметтік міндеттері:

Сапа жөніндегі маман:

1. Аккредиттеу бойынша материалдар дайындау.

2. Сапа менеджменті жүйесі құжаттары мен рәсімдерін ресімдейді, өзектілендіреді.

3. Құжаттаманы және есепті жүргізеді.

4. Ішкі аудитті жүргізуге қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Бұл құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Егер құжаттар пошта арқылы қабылданса, оларды қайтаруға болмайды.

Байқауға қатысушы, егер бар болса, өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат береді (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары).

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 81 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жыл 04 ақпаны, сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7112) 51-00-61; 8(7112) 51-21-11