Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Хабарландыру ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос орнын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Бір көзден, конкурстан және аукционнан баға ұсыныстарын сұрату арқылы тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімін жүргізеді.

2) Мемлекеттік сатып алу сайттарының мониторингін жүзеге асырады.

3) дайындалған құжаттарды конкурстық комиссияға ұсынады.

4) Филиал қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, ұйымды тендерге қатысуға жіберу туралы хаттамаларды, тендер жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға сұрау салу туралы ақпарат алады.

5) Конкурстық құжаттарды дайындауға арналған шығындарды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге арналған өтінімге қатысады.

6) Конкурстық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.

7) Бюджетті құруға, өтінім беруге және мемлекеттік сатып алу жоспарын құруға қатысады. Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырады.

8) Бастамашысы құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімі болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу мерзімдерін қадағалайды.

9) Конкурстар бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіреді. Уақытылы есеп беруді қамтамасыз етеді. Өнім берушінің Мемлекеттік сатып алу веб-порталына қойылатын бастапқы құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 110000, Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 113 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 17 қазан сағат 18.30

Анықтама телефоны: 8 (7142) 56-92-72.