Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының экономист бос қызмет орнына орналастыруға конкурс өткізу туралы Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК "Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы" филиалы (бұдан әрі – Филиал) экономист бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақты және профилактикалық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Экономист бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жоғары экономикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) филиалдың және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасауды жүзеге асыруға, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою жөніндегі шараларды әзірлеуге;

2) Материалдық, Еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды және үнемді пайдаланылуын қадағалау;

3) Бюджеттік өтінімді, даму жоспарын және даму жоспарына толық жазуды, төлемдер мен міндеттемелер бойынша егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарын жасауға;

4) даму жоспарын жасау, қорғау бойынша жауаптылықта болуға, сондай-ақ филиалдың экономикалық мүдделерін жоғары тұрған ұйымдар алдында және талап ету орны бойынша білдіруге;

5) көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуін және пайданың ұлғаюын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарларының) жобаларын (бизнес-жоспарларын) жасау үшін тұтастай алғанда филиал бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауға бастапқы деректерді дайындауға;

6) штаттық, қаржылық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстардың сметаларының қатаң сақталуын, құжаттардың заңдылығын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізуге;

7) қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджетті пайдалану туралы, басқа да экономикалық және статистикалық есептілік туралы балансты және жедел жиынтық есептерді жасауға қатысуға, оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға ұсынуға міндетті.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығ» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (кәсіпорынның сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 160005, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, 37а ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 9 қазанында сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8 (7252) 40-74-09.