Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманның бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары арнаулы білімі бар немесе арнаулы орта білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды (соның ішінде веб-сайтты) жеткізушілерден және орындаушылардан, мердігерлерден сатып алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

2) Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды әзірлеуге және жасасуға қатысу

3) Бекітілген жылдық бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу.

4) Өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын, келіп түсетін тауарлардың және материалдық ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерінің саны мен сапасын бақылауды жүзеге асыру.

5) Өнім берушілер мен орындаушыларға шарттық міндеттемелерді бұзған кезде олардың шағым-талаптары негізінде материалдар дайындау.

6) Жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуді жеткізушілермен келісілу.

7) Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасау.

8) Бюджетте анықталған ескертулер болған жағдайда бюджетке және тиісінше мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер, түзетулер енгізу мақсатында оларды бөлім экономистерінің назарына жеткізу.

9) Сатып алынатын өнімдер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар бойынша бекітілген  бағалар мониторингін жүргу.

10) Келесі қаржы жылына арналған бюджет жобасын әзірлеуге қатысу.

11) Баға прейскурантын әзірлеуге қатысу.

12) Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықты ресімдеу және шығару және оның орындалуын бақылау

13) Ақпараттық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік және биоқорғаныс жүйесінің талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парағында орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парағында орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналастыру қағидаларымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 05 қыркүйек, сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7212) 50-57-16.