Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің маркетинг қызметі бойынша жетекші менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары: жоғары медициналық, жоғары экономикалық білім немесе маркетинг саласында мамандандырылған қосымша білім, жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
1) Қызметтерге тапсырыс берушілермен жұмысты үйлестіру, ақылы қызметтер бойынша шарттар жасасу, смета жасау, шот-фактураларды шығару, шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуын және ұсынылған шот-фактуралар бойынша ақы төленуің бақылау;
2) Клиенттердің өтінімдері бойынша баға ұсыныстарын беру;
3) Ақылы қызмет көрсету мәселелері бойынша заңды тұлғаларға кеңес беру;
4) Клиенттерді тарту бойынша телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да коммуникация құралдары арқылы жұмысты жүзеге асыру;
5) Қызмет көрсету көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізу, жасалатын келісім-шарттардың бизнес-жоспарларын және коммерциялық шарттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
6) Жасалған шарттар бойынша тапсырыс берушілердің шағымдарының/наразылықтарының себептерін талдау;
7) Бизнес-жоспардың орындалуы бойынша жылдық, тоқсандық, айлық және апталық есептерің жасақтау;
8) Жаңадан жасалған шарттар бойынша деректерді ЗАЖ бағдарламасына уақтылы енгізу;
9) Деректерді қадағалау, талдау және сақтау үшін маркетингтік ақпараттық жүйені қалыптастыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) бар болған жағдайда ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басқармасының сырттай отырысының 21.09.2023 ж. №55 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу Ережесімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 28 маусым сағат 18.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7122) 32-23-36.