Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) санитариялық – эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиалдың қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Филиалдың қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Жоғары медициналык білім (санитариялық-эпидемиологиялык/медико- профилактикалык іс, коғамдык денсаулық сақтау) немесе басқа жоғары білім (биологиялық, құқықтық) тиісті мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы сертификаты, Денсаулық сақтау менеджменті (қоғамдык денсаулық сақтау), мамандығы бойынша куәлік болуы; Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) Бөлімнің жұмысын жоспарлайды;
2) Филиалдың жыл сайынғы бекітілген жоспарының істері мен директордың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды;
3) Зертханалық кеңестер мен жұмыс тақырыбының жиналыстарын ұйымдастырып өткізеді;
4) зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жұмыстарын ойластыру және іске асыру;
5) Филиал бөлімшелерінің есеп беру деректерінің орындау тиімділігін бақылау;
6) филиалдың зертханасына сыртқы орта объектілерінен сынамаларды жеткізудің жылдық жоспар-кестесінің жасалуын және орындалуын бакылау; 7) зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер және дезинфекциялык қызметтер көлемінің жоспарын филиалдың мемлекеттік тапсырыс жасауды бір жылға зерттеулер мен ақшадағы қзметтер көрсету тарификаторының бөлінісінде орындауды бақылау;
8) зертханалар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша облыстык, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметін талдау және бағалау, оның ішінде мемлекеттік тапсырыстың орындалуын және ақылы қызметтер бойынша ай сайынғы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын ай сайынғы талдау;
9) Филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;
10) зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша жоғары тұрған және мүдделі ведомстволарға талдамалық анықтамалар, ақпараттар, жауаптар дайындау;
11) зертханалық іс бойынша Филиал бөлімшелерінің қызметіне жыл сайынғы, тоқсан сайынғы және ай сайынғы талдау жүргізу, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдау;
12) «Зертханалық зерттеу жүйесі» және «Бірыңғай ақпараттық портал» (БАП) бірыңғай кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ай сайынғы қорытынды деректер жиынтығының жүзеге асырылуын бақылау;
13) тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайынғы Мемлекеттік тапсырыс жоспарын зертханалық зерттеулерді, аспаптық өлшеулерді, дезинфекциялык, дератизациялық және дезинсекциялық қызметтерді дайындау;
14) құзыреті шеңберінде тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Қызметті талдау нәтижелерімен алмасу;
15) атқарылған жұмыс туралы апта сайынғы есептің және Филиалдың зертханалары мен бөлімдері бөлінісіндегі жинақтардың жасалуын бақылау; 16) кейіннен Филиалдың кадр қызметіне декларацияны тапсырғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсына отырып, салық органына жеке тұлғаның (жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсыну;
17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
18) жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл кезінде биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау;
19) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, Кәсіпорынның ақпараттык кауіпсіздік саясатын және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін сактау;
20) Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін кұжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап, 18.00-ге дейін жүргізіледі. Мекенжайы: Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35А/4.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 29.05.2024 ж., сағат 18.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 771-413-48-20.