Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша Дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің қызметтер бойынша маркетинг менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін білу;
2) филиалдың ережелері, филиалдың ішкі құрылымын игеру;
3) жасалатын келісімдердің, шарттар мен келісімшарттардың бизнес-жоспарлары мен коммерциялық талаптарының әзірленуіне және іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады, ықтимал тәуекел дәрежесін бағалайды;
4) іскер әріптестермен байланысты, сыртқы байланыстарды кеңейту және тәжірибе алмасу үшін қажетті ақпаратты жинау жүйесін ұйымдастырады;
5) тауарлар мен қызметтердің рентабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруды, еңбек тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді;
6) белгілі бір бағыт (учаске) шеңберінде қызметті үйлестіруді, оның тиімділігін талдауды жүзеге асырады;
7) бөлінген ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды;
8) жарнамалық қызметтің тиімділігін талдау;
9) тұтынушылар нарығына талдау жүргізу;
10) шарттар жасасу үшін клиенттерді тарту жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға;
11) бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдауға және кәсіпорын бағаларының прейскурантын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізуге және т. б.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат (бұдан әрі-Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 21.09.2023 ж. №55 шешіміне сәйкес реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, 37А.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 29 мамыр сағат 18.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 (7252) 40-74-09.