Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Түркістан облысы бойынша филиалының кадр мәселелері жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) кадр мәселелері жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Кадрлар жөніндегі маманы лауазымына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қоймай тағайындалады.

Лауазымдық міндеттері:

  1. ұйымды қажет етілетін кәсіптегі, мамандықтағы және біліктілікті жиынтықтау бойынша жұмысты орындайды;
  2. кадрларды жұмысқа қабылдау, іріктеу, орналастыру бойынша жұмысқа қатысады;
  3. ұйымның және оның бөлімшелері персоналының лауазымдарын және кәсіби біліктілік құрылымын, кадрларды есепке алу жөніндегі, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек жолы және жұмыстан босатуға байланысты белгіленген құжаттаманы, аттестациядан өткізу нәтижелерін және кадрларға ағымдағы және перспективадағы қажеттілікті айқындау мақсатында олардың іскерлік қасиеттерін бағалауды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
  4. бос лауазымдарға орналасу және жоғарылату жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  5. кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру көздерін анықтау, оқу орындарымен тікелей байланыстар, ұқсас саладағы ұйымдармен байланыс орнату және ұстап тұру үшін еңбек нарығын зерделеуге қатысады;
  6. ұйым жұмыскерлерінбос лауазымдар туралы хабардар етеді;
  7. еңбек жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады;
  8. жас мамандарды және жас жұмысшыларды оқу орнында алған кәсібіне және мамандығына сәйкес орналастыруды және орналастырып қоюды қамтамасыз етуді, олардың тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
  9. жаңадан қабылданған жұмыскерлерді өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады;
  10. персоналды дамыту, іскерлік мансапты жоспарлау, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ оқытудың тиімділігін бағалауға қатысады;
  11. біліктілік, аттестациялық, конкурстық комиссиялардың жұмысын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, олардың шешімдерін ресімдеуге қатысады;
  12. еңбек тәртібінің жай-күйін және ұйым қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің тәртібін орындалуын, кадрлардың қозғалысын талдайды, тұрақтамауды төмендету және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  13. қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, олардың қазіргі және өткен еңбек жолы туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшалары мен өзге құжаттарды сақтау және толтыру тәртібін сақтауды, кадрлар жөніндегі өзге де белгіленген құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ ұйым персоналы туралы дерекқорға тиісті ақпарат енгізуді бақылайды;
  14. 1С, ЗУП, СУР, ЕСУТД бағдарламаларында жұмыс және белгіленген есептілікті жасайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) фотосуреті бар кадрлық есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекен -жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпараттың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті береді)

Бұл құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Егер құжаттар пошта арқылы қабылданса, оларды қайтаруға болмайды.

Байқауға қатысушы, егер бар болса, өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат береді (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілікті бағалау

2) тестілеу

3) сұхбат жүргізу

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарын Басқарма Төрағасымен конкурстық ауыстыру Қағидаларымен реттеледі, 21.09.2023ж. №55 хат (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.00-ға дейін, Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 24 сәуір 2024 жыл, сағат 18.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 8(7252) 43-36-66; 43 -36-73.