Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Атырау облысы бойынша ҰСО филиалы бухгалтерінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы (бұдан әрі – Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Бухгалтердің қызметтік міндеттері:

1) Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмысты (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу, өнімді өткізу, шаруашылық-қаржы қызметінің нәтижелері, жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін және т. б.) орындайды;

2) Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;

3) Бухгалтерлік есеп шоттарында кәсіпорынның негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарының түсуіне және негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;

4) Есепті статистика басқармасына тапсырады;

5) Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;

6) Бухгалтерлік есептің тиісті учаскесі бойынша филиалдардың қаржылық есептілік депозитарийіне есептілікті тапсырғаны туралы ақпарат (хабарламалар) жинауды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынның негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарының түсуіне және негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету бойынша кәсіпорын филиалдарының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі қызметкерлерінің жұмысын бақылауды жүргізу;

8) Сатып алушыларға шот-фактураларды, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілерін жазып беру;

9) Құзыреті шеңберінде кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

10) Ай сайын кәсіпорын филиалдарынан орындалған жұмыстардың есептерін жинайды және есептің деректерін кәсіпорынның тиісті саласының уәкілетті органының департаменттерімен шарт бойынша тізілім шоты деректерімен салыстырып тексеруді жүргізеді;

11) Кәсіпорын филиалдарының бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жұмыста көмек көрсетуді жүзеге асырады және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

12) Филиал директорының филиал қызметіне байланысты тапсырмаларын орындайды;

13) Филиал мамандары уақытша болмаған кезде ауыстырады;

14) Жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды кейіннен кәсіпорынның кадр бөліміне декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін ұсына отырып, салық органына уақтылы ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) бар болған жағдайда ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.   

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтері).                               

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А мекенжайы бойынша жүргізіледі.                                                                                                                   

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 18 сәуір сағ. 18.30-ға дейін.                      

Анықтама телефоны: 8 (7122) 32-23-36.