Қоғам қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары: мамандығы бойынша жоғары білім, бас бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі
Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржы, салық, зейнетақы және т.б. саласындағы заңнамалық актілерін білу.
Лауазымдық міндеттері: 1С «Бухгалтер» бағдарламасында жұмыс істеу, салықтардың және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы есептелуін және аударылуын бақылау; Кәсіпорынның қаражаты мен материалдық құндылықтарының заңсыз жұмсалуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру; есеп беру; және т.б.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен беріледі). Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен реттеледі (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113 кабинет 414 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 29 ақпан 2024 ж. 18-00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72