Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлытау облысы бойынша филиалының қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемелік жөніндегі менеджер бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ұлытау облысы бойынша филиалы Санитарлық эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөліміінің қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі жөніндегі менеджер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Облыс филиалы қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиалдың мақсаты халықтың санитариялық -.эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Басшы лауазымына жоғары медициналық білімі бар (санитариялық-эпидемиологиялық, медициналық-профилактикалық іс, денсаулық сақтау) немесе өзге де жоғары білімі (биологиялық, химиялық, химия -биологиялық), мамандық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары өтініш бере алады. Филиалға қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласында «Денсулық сақтауды басқару», «Қоғамдық денсаулықты сақтау»,мамандықтары бойынша сертификаттау курстарын бітіргені туралы сертификаты және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

Лауазымдық міндеттері:

1. Филиал бөлімшелерінің зертханалық санитариялық -эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру, есептілік деректерін құрастыру және дұрыстығын бақылау жөніндегі іс -шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2. Зертханалық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша облыстық, қалалық және аудандық бөлімдердің қызметін талдауға, оның ішінде мемлекеттік тапсырыстардың орындалуына және ақылы қызмет көрсету бойынша айлық жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына ай сайынғы талдау жүргізуге мәліметтерді жинақтау және қатысу;

3. Филиал жұмысының техникалық -экономикалық және әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің мәліметтерін жинақтау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

4. Қоршаған орта обьектілерінен сынамаларды Филиал зертханаларына жеткізудің жылдық кестесін орындау туралы мәліметтердің қысқаша мазмұнын жүргізу;

5. Мемлекеттік тапсырыс бойынша зертханалық зерттеулердің, аспаптық өлшеулердің және дезинфекциялық қызметтердің көлемінің жоспарының орындалу барысы ( ғылыми – зерттеу және ақшалай қызмет көрсетулер тарифі бойынша) және филиалдың бір жылға ақылы қызметтері бойынша деректер жиынтығы;

6. Зертханалық санитарлық -эпидемиологиялық сараптама сұрақтары бойынша аналитикалық есептерді, ақпараттарды, жоғары және мүдделі бөлімдерге жауаптарды дайындауға қатысу;

7. Филиалдың зертханалық бөлімдерінің қызметіне жылдық, тоқсандық және айлық талдау жүргізуге қатысу;

8. «Зертханалық зерттеулер жүйесі» және «Бірыңғай ақпараттық портал». Бірыңғай интеграцияланған бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша деректердің ай сайынғы жиынын енгізу;

9. Тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп зертханалық зерттеулерге, аспаптық өлшемдерге және қызмет көрсетуге арналған жылдық мемлекеттік тапсырыс жоспарын әзірлеуге жәрдемдесу;

10. Өз құзыреті шегінде тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс -қимылды қамтамасыз етеді.

11. Бөлім меңгерушілерімен бірлесе отырып зертханалық кеңес мәжілістерін және жұмыс тақырыптық отырыстарын үйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,конкурсқа қатысуға өтінім;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген) ұсыну;

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландыратын көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық, қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті еgоv арқылы беріледі) туралы анықтама.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.Құжаттар пошта арқылы алынса, оларды қайтару мүмкін емес екендігін ескертеміз.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері,бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Біліктілікті бағалау;

2) Тестілеу;

3) Сұхбат жүргізу;

4) Конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірліі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жанындағы РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен, Басқарма төрағасының 21.09.2023 жыл № 55 хатымен («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитеті» РМК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК интернет-ресурстарында орналастырылған»).

Құжаттар жұмыс күндері:  сағ. 9:00 – ден бастап сағ. 13:00-ге дейін, сондай-ақ 14:30 -дан бастап сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Мекенжайы: Жезқазған қаласы. Гурбы көшесі, 6 үй.

Құжаттарды қаюылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 15 желтоқсаны, сағ.: 18:00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 8(7102) 41-02-41.