Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖК РМК Түркістан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) Қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша менеджерінін бос орнына конкурс жариялайды.
Филиалдың қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Филиалдың қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Жоғары медициналық білім (санитариялық-эпидемиологиялық/медициналық-профилактикалық іс, денсаулық сақтау) немесе басқа да жоғары білім (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық), тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау маманының сертификаты, сертификаттау курсын бітіргені туралы сертификат «Менеджмент» денсаулық сақтау» мамандығы («Қоғамдық денсаулық сақтау»); мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1.Кәсіпорынның және зертханалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
2.Филиал бөлімшелерінің есеп беру деректерінің дұрыстығын шоғырландыру және бақылау;
3.Зертханалық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша мәліметтерді жинақтау және облыстық, қалалық және аудандық бөлімдердің қызметін талдауға қатысу, оның ішінде ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстардың орындалуына және ақылы қызмет көрсету бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына талдау жүргізу;
4.Филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін мәліметтерді жинақтау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;
5.Қоршаған орта объектілерінен сынамаларды Филиалдың зертханаларына жеткізудің жылдық кестесінің орындалуы туралы мәліметтерді жинау, мемлекеттік тапсырыс бойынша зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулердін қызметтер көлемінің жоспарын орындау (зерттеу және ақшалай қызмет көрсетулер Тарифі бойынша) және филиалдың ақылы қызметтері бойынша деректер жиынтығын қарау;
6.Зертханалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама сұрақтары бойынша аналитикалық есептерді, ақпаратты, жоғары және мүдделі бөлімдерге жауаптарды дайындауға қатысу;
7.Филиалдың зертханалық бөлімшелерінің қызметін жылдық, тоқсандық және ай сайынғы талдауға қатысу, тиімділік көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйымдастыру жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылдау;
8. «Зертханалық зерттеулер жүйесі» және «Бірыңғай ақпараттық портал» (ЗАЖ) Бірыңғай біріктірілген бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша деректердің ай сайынғы жиынын енгізу;
9.Тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп зертханалық зерттеулерге, аспаптық өлшеулерге, қызметтерге арналған жылдық мемлекеттік тапсырыс жоспарын дайындауға жәрдемдесу;
10. Өзқұзыреті шегінде тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
11.Зертхана меңгерушісімен бірге зертханалық кеңес отырыстарын, жұмыс тақырыптық отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарама төрағасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №55 хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.00-ға дейін, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесі 12 мекен жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 23.10.2023 жыл, сағ. 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7252)43 -36-73,43-34-94.