Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

СҚО бойынша Дезинфекция орталығының Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос қызмет орнына орналастыруға байқау өткізу туралы хабарландыр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымын орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: экономикалық және заңгерлік жоғары білімі кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Электрондық сатып алу туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;

2) Ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар әзірлейді;

3) Өнім берушілер туралы деректер банкін құруға және қолдауға, Тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуді жүзеге асырады;

4) Конкурстық құжаттаманы, тапсырыс берушіден өтінім алуды жүзеге асырады;

5) Сатып алу іс-шаралары үшін техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысады. Бір көзден, конкурстан және аукционнан баға ұсыныстарын сұрату арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізеді;

4) Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді;

5) Филиал қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, ұйымға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаларды, тендер жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады;

6) Мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға сауалы туралы ақпарат алады;

7) Конкурстық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады. Тауардың немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат алмасуды жүргізеді.

8) Бюджетті жасауға, өтінім беруге және Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысады. Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырады. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу мерзімдерін қадағалайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат (бұдан әрі-Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 55 сырттай шешімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жұмыскерлерін бос лауазымдарына конкурстық орналастыру ережесімен» реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.30-ға дейін 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 10 қараша сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8(7152) 31-29-57.