Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қарағанды облысы бойынша филиалының Осакаров аудандық бөлімшесі бастығының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізуге хабарландыру

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы Филиалдың Осакаров аудандық бөлімшесі бастығының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы жоғары медициналық білім, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары санат.

Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

Құрылымдық бөлімшеге басшылық етуді жүзеге асырады. Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығы бөлігінде органның құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты және тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

Қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуына және тиімді пайдаланылуына жауап береді. Саясатты, қызмет стратегиясын және оны іске асыру механизмін белгілейді.  Білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Зертханалық қызметтің жаңа және қолданыстағы әдістерін енгізуді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адам денсаулығына, оның тіршілік ету ортасына қолайсыз әсер етудің басым себепшарттарын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу жөнінде ұтымды  шаралар қабылдайды. Өз құзыреті шегінде гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, Санитариялық қағидалардың, нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық құрал-аспаптық бақылауды ұйымдастырады. Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді. Құрылымдық бөлімшенің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде облыстағы жұмыстың нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін  Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша жүргізіледі

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 18 қазанда, сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7212) 50-57-16