Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығы өндірістік қызмет департаментінің сараптама бойынша маманының бос орын лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Өндірістік қызмет департаментінің сараптама бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары медициналық (санитариялық-эпидемиологиялық/медициналық-профилактикалық іс), биологиялық немесе химиялық білімі және денсаулық сақтау саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) зертханалық зерттеулердың жүргізілуін бақылау бөлігінде өндірістік процеске қатысты функцияларды уақтылы және сапалы орындау;

2) Кәсіпорынның филиалдарына зертханалық зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге қатысу;

3) зертханалық зерттеулер бөлігінде халықтың инфекциялық, паразиттік, инфекциялық емес ауруларының және улануының себептері мен шарттарын зерттеуге қатысу;

4) СТ РК ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» бойынша филиалдарды аккредиттеуге дайындау бойынша мониторинг жүргізу;

5) Кәсіпорынның филиалдарында биологиялық қауіпсіздікті және биоқорғанысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

6) Кәсіпорынның филиалдарында сапаны ішкі зертханалық бақылаудың (ВЛКК) мониторингі;

7) Кәсіпорын филиалдарының қалдықтармен жұмыс істеуін бақылау;

8) Мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін Кәсіпорын филиалдарының өтінімдерінің жинақтау;

9) қызметтердің ААЖ тарификаторын жүргізу;

10) Департаменттің құзыреті шенберінде мемлекеттік органдармен, республикалық және халықаралық ғылыми орталықтармен, мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

11) халықаралық тәжірибені іздестіру, зерделеу және ең үздік заманауи зерттеу әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

12) Кәсіпорынның өндірістік қызметі бойынша құжаттарын дайындау;

13) Департаменттің құзыретіне жататын Кәсіпорынның жылдық, перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысу;

14) Департаменттің құзыретіне жататын Кәсіпорынның есептерін дайындауға қатысу;

15) кіріс хат-хабарларға материалдарды уақтылы дайындау;

16) Департаменттің міндеттері мен функцияларына, Кәсіпорын басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй немесе egov арқылы);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 13 қазан сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.