Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

«Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маркетинг саласындағы мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысының лауазымдық міндеттері:

Филиалдың маркетингтік саясатын әзірлейді; жарнама жоспарын жасайды; Филиалдың маркетингтік саясатын және жарнамалық қызмет жоспарын іске асыруға бағытталған іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастырады және өткізеді; Кәсіпорын филиалының қызметкерлерін қажетті жарнамалық өнімдермен ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; филиалдың жарнамалық қызметінің тиімділігіне талдау жасайды; филиал қызметтерінің контекстінде тұтынушылар, бәсекелестер нарығына талдау жасайды; маркетингтік қызметке қатысты ақпаратты жинау және талдау, маркетинг бойынша ақпараттық базаны құру бойынша барлық бөлімдердің қызметін үйлестіру,телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да байланыс құралдары арқылы тұтынушыларды тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады; тұтынушылардан келіп түскен кемшіліктердің жойылуын бақылайды, көрсетілетін қызметтердің сапасына және оларды орындау мерзімдеріне қатысты шағымдар мен ұсыныстар бойынша есептер беруді ұйымдастырады және бақылайды; тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және тұтынушылармен жұмыс істеу кезінде персоналдың іс-әрекетін дұрыс бағытта қайта құру мүмкіндігін арттыру мақсатында филиал қызметкерлерінің жұмыс әдістерін зерттейді; бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдайды және прейскурант саласын өзгерту бойынша ұсыныстар жасайды, тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша филиалдың қызметін үйлестіредіфилиалдың корпоративтік сәйкестігін қалыптастыру және жарнамалық өнімдердің корпоративтік дизайны бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді, сондай-ақ корпоративтік сәйкестікке өзгерістер енгізуді ұйымдастырады; бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бөлім жұмысының сапасына, тиімділігіне және ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асырады; жоғары тұрған ұйымдардың сұранысы бойынша ақпаратты дайындайды және ұсынады;филиалдың тендерлерге қатысуынұйымдастырады және бақылайды; филиалдың коммерциялық қызметін дамыту және тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ақылы қызмет көрсету көрсеткіштеріне талдау жасайды; тұтынушылармен жұмыс саласында аудан мамандарына және басқаларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; ақылы қызметтерді өткізуді арттыруға бағытталған жаңа қызметтерді және басқа да жобаларды әзірлеу және енгізу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттар жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ғе дейін (үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ға дейін) 09000, Орал қ., Құрманғазы көш., 81 үйінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 31 қазаны, 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7112) 504055.