Алматы облысы бойынша филиалы маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Біліктілік талаптары:
Санитариялық-гигиеналық бейіндегі жоғары білімінің, экономикалық немесе маркетинг саласында қосымша мамандандырылған жоғары білімінің болуы. Жұмыс өтілі мамандығы бойынша кемінде 3 жыл өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімі басшысының кәсіби біліміне қойылатын талаптар:
Бөлім басшысы білуі қажет:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелерді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
- Кәсіпорынның жарғысын;
- құжаттау және құжаттаманы басқару Ережелерін;
- жұмыстарды жоспарлау әдістері;
- бөлім туралы ереже және осы Нұсқаулықты;
- бөлім қызметіне қатысты Кәсіпорын директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- персоналды басқару теориясының негіздері, қарым-қатынас психологиясы, мақсаттары,
- Кәсіпорынның даму стратегиясы және даму жоспарын;
- жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша мәселелерді реттейтін Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын;
- еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
- іскерлік қарым-қатынас этикасын;
- ішкі еңбек тәртібінің ережелерін;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.
Лауазымдық міндеттері:
- Кәсіпорын филиалының маркетингтік саясатын және жарнамалық қызмет жоспарын әзірлеу;
- жарнамалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- Кәсіпорын филиалының жарнамалық қызметі бойынша маркетинг саясаты мен жоспарын енгізуге бағытталған іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыру және өткізу;
- Кәсіпорын филиалының қызметкерлерін қажетті жарнамалық өнімдермен қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
- кәсіпорын филиалының жарнама қызметінің тиімділігін талдау;
- кәсіпорын қызметтері бөлінісінде тұтынушылар, бәсекелестер нарығына талдау жүргізу;
- маркетинг қызметіне қатысты ақпаратты жинау және талдау, маркетинг бөлігі бойынша ақпараттық базаны құру бойынша барлық бөлімдер мен зертханалардың қызметін үйлестіру;
- клиенттерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорын филиалының қызметін үйлестіру;
- клиенттік базаны ұлғайту бойынша кәсіпорын филиалының қызметін үйлестіру;
- телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да коммуникация құралдары арқылы клиенттерді тарту бойынша жұмысты жүзеге асыру;
- клиенттерден түсетін кемшіліктерді жоюды бақылау, қызмет сапасы мен олардың орындалу мерзіміне қатысты клиенттердің шағымдары мен ұсыныстарына жауап беруді ұйымдастыру және бақылау;
- клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және тұтынушылармен жұмыс кезінде персоналдың іс-қимылын қажетті бағыттарда қайта құру мүмкіндігі мақсатында филиал қызметкерлерінің жұмыс әдістерін зерттеу;
- бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және кәсіпорын филиалының прейскурантын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;
- кәсіпорынның фирмалық стилін және жарнамалық өнімдерді фирмалық рәсімдеуді қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу, сондай-ақ фирмалық стиль бойынша өзгерістерді енгізуді ұйымдастыру;
- бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және бөлім жұмысының сапасына, жеделдігіне және ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асыру;
- жоғары тұрған ұйымдардың сұрау салулары бойынша ақпарат дайындау және ұсыну;
- кәсіпорын филиалының тендерлерге қатысуын ұйымдастыру;;
- кәсіпорын филиалының материалдық-техникалық базасының жай-күйін жақсарту және кәсіпорын филиалының іске асырылуын ұлғайтуға ықпал ететін іс-шаралар бойынша жұмысты үйлестіру және бюджетті қалыптастыру ;
- кәсіпорын филиалының коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыру және дамыту үшін мүмкіндіктерді анықтау мақсатында ақылы қызметтер көрсеткіштерін талдау;
- аудандық бөлімшелерге және басқа да тұтынушылармен жұмыс саласында практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
- коммерциялық үдерістер және кәсіпорын филиалының ақылы қызмет көрсетуіне тартылған қызметкерлер үшін алгоритмдер мен рәсімдерді әзірлеу;
- ақылы қызметтердің іске асырылуын арттыруға бағытталған жаңа қызметтер мен өзге де жобаларды әзірлеу және енгізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды. Электрондық почта арқылы жіберілген жағдайда, құжаттардың түпнұсқасын тестілеу өтуге бір сағат қалғанға дейінгі уақытта әкеліп өткізу қажет.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 11 қарашадағы № 523 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85 А үй,. Эл.адрес: kadralmobl@mail.ru
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 29 қыркүйек сағат 18.30
Анықтама телефоны: 8(7282) 39 03 65, 8 (701) 463 07 76.