Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Шымкент қалалық бөлім бастығының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау

Кәсіпорын - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырады.

Кәсіпорынның мақсаты-халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету

Біліктілік талаптары:

Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлім бастығының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті оқыту бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және       "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

Бөлімшеде санитарлық-эпидемиологиялық сараптау қызметін көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

Атқарылатын жұмыстарды жоспарлау, бекіту, Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне,қаланың аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына, аудандық,қалалық әкімшілігіне, төтенше жағдайлардың алдын-алу алқасына, үйлестіру алқаларына, медициналық кеңеске өзекті мәселелерді қою және шешілуі бағытында жұмыстар жүргізу.

Материалдық құндылықтарға, автокөліктерге, ғимараттардың техникалық жағдайына жауапты.

Алқаларда, кеңестерде, мәжілістерде, бөлімше атынан хабарлама жасап, түсініктемелер беруге, жиындар ұйымдастырып өткізуге.

Жұқпалы ауруларға қарсы санитарлық-гигиеналық ережелер мен тәртіптер туралы санитарлық-ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, семинарлар ұйымдастыруға.

Ауру ошақтарында індеттің алдын алу бағытында эпидемиологиялық іс- шаралар жүргізуге, бекітуге, ұйымдастыруға.

Бөлімше қызметкерлерінің еңбек тәртібін және өздеріне бекітілген лауазымдық міндеттерін толық орындалуын қадағалауға.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне, филиалға айлық, тоқсандық, жылдық есептерін толық өз мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етуге.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) фотосуреті бар кадрлық есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекен -жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпараттың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті береді)

Бұл құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Егер құжаттар пошта арқылы қабылданса, оларды қайтаруға болмайды.

Байқауға қатысушы, егер бар болса, өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат береді (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары

Байқау келесі кезеңдерден тұрады

1) біліктілікті бағалау

2) тестілеу

3) сұхбат жүргізу

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Байқауды өткізу тәртібі Кәсіпорын бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарын конкурстық түрде ауыстыру ережесімен реттеледі (Кәсіпорын сайтында орналастырылған)

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін: Шымкент қаласы, Майдантал-4 көшесі мекен жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Анықтама телефон бойынша: 8 (7252) 43-36-73