Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҰСО-ның инновациялық жобаға қосқан үлесі

Вклад НЦЭ в инновационный проект 04.08.2026

Белгілі болғандай, Астана қаласында аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтіп, бұл Қазақстан Республикасында қалалық әуе мобильдігін енгізудің практикалық кезеңінің басталуын айқындады.

Аталған жобаны іске асыруға Ұлттық сараптама орталығы да қатысты. Бірлескен жұмыс аясында Ұлттық сараптама орталығының мамандары қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіп, жобаның тиісті сараптамалық сүйемелдеуін қамтамасыз етті.

Ұлттық сараптама орталығының осындай маңызды инновациялық жобаға қатысуы кәсіпорынның сараптамалық және зертханалық әлеуетінің жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заманауи технологияларды дамытуға бағытталған перспективалы бастамаларды ғылыми-техникалық тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті екенін айқын көрсетеді.