Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҰСО-да Медицина қызметкері күніне орай қызметкерлерді салтанатты марапаттау өтті

В НЦЭ состоялось торжественное награждение сотрудников ко Дню медицинского работника 19.06.2026

Ұлттық сараптама орталығында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ҰСО Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлерге жоғары кәсібилігі мен халық денсаулығын қорғау ісіне адалдығы үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық еңбегі үшін Ұлттық сараптама орталығының мамандары «ҰСО-ға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың және ҰСО Басқарма төрағасы Ерлан Қиясовтың атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күн сайын үлес қосып жүрген ҰСО қызметкерлерінің кәсіби жетістіктерін мойындаудың айқын көрінісі болды.