29.05.2026
Бүгін Ұлттық сараптама орталығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» (ТР ТС 029/2012) техникалық регламентінің ережелерін қарау бойынша кеңес өтті.
Кездесу барысында ТР ТС 029/2012-ге енгізілетін өзгерістер жобасы талқыланды. Аталған жоба терминологиялық аппаратты, тағамдық қоспаларды қолдану саласын, қоспалардың шикізат пен компоненттерден көшу шарттарын түзетуді, микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін нақтылауды, соның ішінде ферменттік препараттарға микотоксиндердің мөлшері бойынша қойылатын талаптарды, сондай-ақ кешенді тағамдық қоспалар мен технологиялық қосалқы құралдардың құрамындағы хош иістендіргіштерді таңбалауға қатысты жекелеген ережелерді (тасымалдау қаптамасында және тұтынушыға арналған өнімде) көздейді.
Өзгерістер жобасы ТР ТС 029/2012-ні әзірлеуші Комитеттің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу тәртібіне сәйкес дайындалған.
Қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне өзгерістер жобасын енгізуді бастамалауды жоспарлап отыр.