Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Ұлттық сараптама орталығы мен Роспотребнадзор антибиотиктерге төзімділікпен күресте күш біріктіруде
НЦЭ и Роспотребнадзор объединяют усилия в борьбе с устойчивостью к антибиотикам 28.05.2025

Бүгін Ұлттық сараптама орталығында Ресей Федерациясының Тұтынушылар құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) өкілдерінің іссапары өтті. Іссапардың негізгі мақсаты — микроағзалардың антимикробтық препараттарға төзімділігіне қарсы күрес саласындағы екі ел мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Ресейлік мамандардың бұл сапары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Роспотребнадзордың екі жетекші мекемесі — Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты және Гигиена және эпидемиология федералдық орталығы арасында жасалған екі әкімшілік шарт аясында жүзеге асты.

2023 жылдан бері ҰСО Шығыс Еуропа, Закавказье және Орталық Азия елдеріндегі азық-түлік және ауыл шаруашылығы секторларындағы антимикробтық препараттарға төзімділік бойынша өңірлік зертханалық желінің белсенді мүшесі болып табылады. Бірлескен жобалар негізінен антибиотиктерге төзімділікті анықтау мен бақылауға бағытталған, әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі саласында.

Сапар аясында ресейлік делегация қазақстандық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Талқыланған негізгі мәселелер:

  • азық-түлік өнімдеріндегі антибиотик қалдықтарының деңгейін зерттеу;
  • антибиотикке төзімді бактерияларды анықтау;
  • ұлттық мониторингтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесімен алмасу;
  • нормативтік және әдістемелік базаны дамыту.

Қонақтар ҰСО зертханаларының материалдық-техникалық базасымен танысып, 2024 — 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы аралығындағы зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ қазақстандық мамандарды Ресей Федерациясында практикалық курстар арқылы оқыту мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан «Азық-түлік қауіпсіздігі және антимикробтық препараттарға төзімділікті төмендетудегі бірлескен күш-жігер» тақырыбында 2025 жылы өтетін II Халықаралық конференцияға қатысу мәселесі қаралды.

Ерекше назар логистикалық мәселелерге, атап айтқанда Қазақстанда азық-түлік өнімдерінен бөлінген антибиотикке төзімді микроағзалардың изоляттарын жинау және Ресейге жіберу жұмыстарының ұйымдастырылуына аударылды.

Бұл сапар халықаралық ғылыми-зертханалық әріптестікті дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды және екі елдің үйлестірілген әрекеттері антимикробтық резистенттілік сияқты жаһандық қатерге тиімді қарсы тұрудың кілті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail