ҰСО Басқарма Төрағасы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Председатель Правления НЦЭ посетил с рабочей поездкой Акмолинскую область 22.08.2023

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясов Ұлттық сараптама орталығы филиалының қалалық және аудандық бөлімшелерін аралады.

Жұмыс сапары Астрахан аудандық бөлімшесіне барудан басталды, онда Ерлан Қиясов материалдық - техникалық жабдықтармен танысты.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы ауылдық және қалалық елді мекендердің еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесу форматы «сұрақ-жауап» түрінде анықталды. Басқарма Төрағасынан барлық түсініктемелерді алғаннан кейін, кездесуге қатысқан кәсіпорын қызметкерлері алдағы жөндеу жұмыстары, зертханалық жабдықтарды жаңарту және зертханалық қызметтерді сапалы көрсетуге бейімділігі туралы өз пікірлерін білдірді.

Филиал мамандары медициналық жұртшылықпен диалогтың маңыздылығын қолдап, Ақмола облысында жоспарланған стратегиялық міндеттерді іске асыруда жоғары белсенділік көрсететініне сенім білдірді.

ҰСО Ақмола облысы бойынша 17 қалалық және аудандық бөлімшелер жұмыс істейді. Жыл сайын 2 млн. астам зерттеу жүргізіледі. 2017 – 2021 жылдары филиал өндірістік қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қосқан елеулі үлесі үшін үш рет үздік филиал болып танылды.

Сурет галереясы