Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өткізілді
В целях формирования антикоррупционной культуры проведен семинар 27.06.2023

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-да Ұлттық сараптама орталығының Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясовтың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабайдың, сондай-ақ филиалдар мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі құқықтық актілерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы, елдің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары туралы айтып, қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына қатысты мәселелерді талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша ҰСО Басқарма Төрағасы филиалдардың басшыларына және Кәсіпорынның орталық аппаратының директорларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.