Ұлттық сараптама орталығына COVID-19 анықтау бойынша 1 020 000 зертханалық зерттеулер бөлінді
1 020 000 лабораторных исследований по выявлению COVID-19 было выделено  Национальному центру экспертизы 03.08.2020

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 вирусын анықтау бойынша ПТР тест өткізу үшін қаражат бөлінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

   ҚР Үкіметі резервінен бөлінген қаражат 1 200 000 зертханалық зерттеу жүргізу үшін бөлінген. «ПТР тест өткізу арқылы COVID-19 ауруын анықтау бойынша 1 020 000 зертханалық зерттеу министрлікке қарасты «Ұлттық сараптама орталығында», ал қалған 180 000 зерттеу ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығында» жүргізіледі. Одан бөлек осы жылдың маусым айында 225 600 тест жеткізілген», - деді ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

   Комитеттің хабарлауынша қазіргі уақытта сатып алу процедурасының бәрі жүргізіліп, тасымалдаушымен 554 000 тестті жеткізу бойынша келісім жасалған. Келісімге сәйкес тесттер 1-2 аптаның ішінде жеткізіледі.